21-08-2024
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының «Балақай» спорттық-сауықтыру орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған үш күндік «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды.
Ашылу салтанатына Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының басшысы Эльдар Толеубекұлы Толеубеков қатысып қайтты. Өз кезегінде ол барлық қатысушыларды лагерьдің ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі!
Жастар лагерінен қатысушыларымыз керемет әсер алады деп үміттенеміз, ұмытылмас, жарқын эмоциялар мен жаңа достық байланыстар тілейміз!