04-11-2021
Жастар – Тәуелсіз Қазақстанның болашағы, жастар алдында табысқа жету бағытында мүмкіндіктер бар.
28-31 қазан аралығында Омбы қаласында «#ОБЪЕДИНЯЯ_УКРЕПЛЯЕМ» атты халықаралық жастар форумы өтті. Форумды Омбы облысы үкіметінің, Омбы қаласы әкімшілігінің және әлеуметтік серіктестердің қолдауымен «МЫ-РОССИЯНЕ» Бүкілресейлік «Ресей халықтарының жастар ассамблеясы» қоғамдық қозғалысының Омбы облыстық филиалы ұйымдастырды.
Іс-шара ұлтаралық қатынастар саласындағы жобаларды жүзеге асыратын қоғам қайраткерлерінің басын қосты. Қатысушылар тек Ресейдің түкпір-түкпірінен ғана емес, Қазақстан Республикасынан да қоғамдық көшбасшылар болды. Шығыс Қазақстан мен облыстық Достық үйін ШҚО ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар штабының төрағасы және Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Равиль Юнусов таныстырды.
«Жас мамандар жаңа білімді тез «сіңіреді», ал Равиль жастығына қарамастан, өз саласында тәжірибелі және білікті, сондықтан мен оны халықаралық жастар форумына қатысушы ретінде ұсындым.», - дейді Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының басшысы Нұрғалиев Алмаз Болатұлы.
«Форумның білім беру бағдарламасы тәжірибе алмасуды, жобаларды федералды және халықаралық деңгейде іске асыруды көздейді, сондықтан оған ұлтаралық келісім және халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша алаңдар, жобалық сессия, делегаттардың жастар жобаларының таныстырылымы, әлеуметтік жобалар саласындағы сарапшылармен шеберлік сыныптары енгізілді», - деп бөлісті ұйымдастырушылар.
3 күн ішінде жиналғандар өзін-өзі таныстыру, жастар ортасы үшін әлеуметтік маңызы бар жобаларды әзірлеу, TED X форматындағы өз қызметі туралы «әңгімелеу», Еуразия халықтары Ассамблеясының моделін құру сияқты жұмыстарға тартылды.
Мәдени-ағартушылық қызметке де уақыт бөлінді. Жастар көшбасшылары Омбы бекінісіндегі мұражай экспозицияларына барып, «Халықтар ойынында» жарысып, «Этноквиздің» көңілді және қызықты тапсырмаларын орындады, шара өз жалғасын – «Татар ертегілері» киіз үйінде қызықты қойылымда күтіп тұрды.
Форум флэшмобпен аяқталды, қатысушылар әртүрлі ұлттық киімдер көрсетілімімен өз этносының билері мен әндерін орындады.
«Форумға қатысу құрметіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын. Мұндай алаңдар әр түрлі жағдайларға пікір алмасуға және, әрине, біздің елдеріміздің халықаралық ынтымақтастығын дамытуға мүмкіндік береді», - деді ШҚО ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар штабының төрағасы Равиль Юнусов.