16-07-2019
Өңірдегі ұлтаралық жағдай жағымды қалыпта – бұл жөнінде өңірдегі этносаралық қарым-қатынасты анықтау мақсатында жүргізілген зерттеу қорытындылары хабарлайды. Бүгінде 1,4 миллионға жуық тұрғыны бар Шығыс өңірінде 100-ден астам ұлт бір шаңырақ аспан астында өмір сүруде.
Өңірдегі этносаралық қарым-қатынасты анықтау мақсатында ШҚО ҚХА арнайы тапсырысы бойынша ТОО «ZYMYRAN M»зерттеу институты деректері бойынша, облыс тұрғындарының 80% астамы этносаралық қарым-қатынаста позитивті әлеуметтік көңіл-күйге ие. Аймақтағы толеранттылық деңгейі тұрақтылықпен сипатталады. Тұрғындардың басым бөлігі қарым-қатынас кезінде этникалық тиістілігіне мән бермейді. Арасында қалжындасып, «мен де қазақпын» деп айтатындарды да жиі кездестіреміз. Ұлттар ынтымағы мен бірлігін сақтау, өзара достығына селкеу түсірмеу мемлекетіміздің басты саясатының бірі.
Сонымен қатар өңір бойынша Достық үйінің қызметі жоғары бағаланды - 94,7%, және де сауалнамаға сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттарына, халықтың 70%-дан астамы қолдау көрсетті. Ол дегеніміз мемлекетіміз дұрыс саясатты жүргізетінін, және де халық оны толығымен қолдайтынын көруге болады.Еліміздің дамып отырғаны – елімізді мекендеуші барлық этностардың ынтымағы мен бірлігінің арқасы.
Ұлтымыз, дініміз, мәдениетіміз өзге болғанымен, өңіріміздің әр түпкірінде этностық тиістілікке қарамай ұлттық мерекелерді бір болып, барлығымыз жұмыла тойлайтынымыз рас. Мысалы, 2019 жылдың маусым айында өткен түркітілдес ұлттардың – Сабантой мейрамы мен славян ұлттарының ұлттық мерекесі «Купала-солнцеворот» аталып өтті. Мерекелерге барлық этностар жұмыла қатысады.Кішісі де, кәрісі де ұлттық тағамдар әзірлеп, әндер айтып,әр ұлттың билерін билеп, атап өтеді.