08-12-2017
2017 жылдың 8 желтоқсаны күні Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ конференц–залында «Құқықтық сананы қалыптастырудағы қозғаушы күш – билер соты, сот төрелігі» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференциясы өтті. 2017 жыл Алаш ордасының 100-жылдығы. Осы орайда, конференция басталғанға дейін қатысушыларға арналған «Алаш алыптары» атты кішігірім театралдық көрінісі қойылды. Шараға Шығыс-Қазақстан облыстық сотының төрағалары, судьялары, қызметкерлері, сондай-ақ жоғары оқу орнының оқытушы-профессорлары мен студенттері қатысты. Конференция барысында «Рухани жаңғыру және сакралды Қазақстан» тақырыбында Абжанов Хангельды Махмутович, «Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарының пәндер жүйесіндегі білім құқығы» тақырыбында Мужчиль Савелий Александрович өз баяндамаларын оқыды. Сондай-ақ, шара соңында конференция нәтижелері қорытындыланып, конференция қатысушылары естелікке фотосуретке түсті.