«Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты әлеуметтік желілер арқылы тарату»

10-08-2022

«Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты әлеуметтік желілер арқылы тарату»

10 тамызда, Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында, Республикалық ақпараттық-түсіндіру деңгейіндегі дәріскерлер (дінтанушылар, теологтар, психологтар) тартылуымен этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен «Дінаралық және ұлтаралық келісім - бейбітшілік кепілі» тақырыбында кездесу өткізілді.

Бұл  Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл  жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті тарапынан дін саласындағы мемлекеттік саясатты және зайырлық қағидаттарын түсіндіруге арналған «Облыстар мен қалаларда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу» жобасын іске асыру аясындағы іс-шара.