14-08-2014
Милиция мектебіндегі достық кездесу
Этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мәселесі бойынша азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекет етуде қазақстандық патриотизмді қалыптастыру аясында жердемдесу мақсатында 2010 жылдың 30 наурызында Согра кентінде орналасқан милиция мектебінің ұжымыммен облыстық Достық үйінің қызметкерлері кездесу өткізді.
Кездесу барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы және мемлекеттің ұлттар келісімі төңірегінде жүргізіп отырған саясаты бойынша түсіндірме лекциясы оқылды. Достық үйінің мақсаты мен міндеттері жайында мағлұмат берілді.
Лекциядан соң шешен этномәдени бірлестігінің және қалалық «Қазақ тілі» қоғамының өнерпаздарыныңконцерті берілді. Бұндай кездесулер бұдан кейін де жалғасын табады.