Қаламыздың белсенді тұрғыны көп балалы, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетті

09-02-2019

Қаламыздың белсенді тұрғыны көп балалы, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетті

Жастарымыздың ықыластылығы және сезімтал жүректері өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға бей-жай қарай алмады. 
Акция күнінде біздің қаламыздың тұрғыны (белгілі себептермен, жасырын қалуға тілек білдірген), «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы штабының белсенділерімен бірге көп балалы, аз қамтылған отбасыларға көмек пен қолдау көрсетті. 
Акция туралы жас азаматша Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының әлеуметтік желілерінің бірінен біліп, көмектесуге ниет білдірді. Оның айтуынша, мұндай шаралар қоғамға мұқтаж адамдарға көмектесу мүмкіндігін береді. 
Айта кетер болсақ, биыл Шығыс Қазақстан облысында және бүкіл Қазақстан бойынша республикалық «Қайырымдылық керуені» қайырымдылық акциясы өткізілуде.