Жастар – қоғамның қозғаушы күші

30-01-2019

Жастар – қоғамның қозғаушы күші

30 қаңтар күні Достық үйі- қоғамдық келісім орталығында Жастар жылының ашылуына байланысты ШҚО ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы штабы жастармен кездесу өткізді.Оған ШҚО жастар лигасының мүшелері, «Бірлік» жастар клубы және өңірлік ЖОО мен колледждердің студенттері қатысты. 
ШҚО ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы штабының төрағасы Равиль Александрович шараға қатысушы жастарды «Жастар жылының» ашылуымен құттықтап, замандастарына жыл көлемінде атқарылар жұмыстардың көп екендігін айта келе, тың бастамалармен жаңаша ойларды жүзеге асыруда бірлесе жұмыс жасауға шақырды. 
Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Бүгінгі жастар креативті пікірге ие. Қазір жастар соңғы инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жобалар ұсынып жүр. Астана қаласында өткен жастар жылының салтанатты ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жас кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан берілген мүмкіндіктер мен көрсетіліп жатқан көмектің нәтижесінде ірі бастамалардың сәтті жүзеге асқандығын айтты. Президент «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тәжірибесі туралы айтып, «Жас кәсіпкер» бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы университеттің жоғарғы курстарында оқитын студенттерді де бизнеске баулуды ұсынды. Осы бағытта бағдарлама дайындалып, оны жүзеге асыруға ел қазынасынан 32 млрд теңге бөлінетіндігі айтылды. 
Шара барысында жастарға патриоттық тәрбие беру, еріктілік, заманауи жан-жақтылық туралы айтылып, бейне-роликтер көрсетілді. Кездесудің соңында Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы мен «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ШҚО филиалымен екіжақты ынтымақтастық - меморандумына қол қойды.
Осы меморандумның негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша бірлескен іс-шаралар, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру: табыстарды жақсарту және өмір сүру сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауын, «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын, жастар ортасында ұлттық құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ патриоттық рух пен жастарды отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу