Сөз кезегі жастарда

25-01-2021

Сөз кезегі жастарда

Мірдің оғындай дәлелді сөйлей білу жетілдіруге болатын бойдағы бір қасиет. Бұл қалай десеңіз, қауымды бірден қарататындай, дәйекті әрі дәлелді ақпараттық пікірталас өтетін жастар дебатына қатысу арқылы. Тыңдаушының ойын жаулау, ақпаратты нақты жекізу, қарсыласты қызықтыру дағдысы қәзіргі қоғамда өзекті және маңызды.

Семей қаласы Достық үйінде «Біздің керемет қаламыз» атты жастар пікірсайысы өтті. Негізгі іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай «Толеранттылық кемпірқосақ» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Семей жастары үшін пікірталас - бұл шешендік өнерде өз күштерін сынап көрудің дәстүрлі мүмкіндігі. Пандемияға дейін қатысушыларды жаңа орындар таңқалдырып шабыт берген еді. Ол көбінесе табиғат сұлулығы.

«Біздің пікірсайысымыз үнемі әр түрлі формаларда өтіп тұрады. Оларды өткізудің негізгі мақсаттары: жас ұрпақ өкілдерінің азаматтық бастамалары мен көшбасшылық қасиеттерін дамыту, командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, пікірталас - бұл жастардың өз көзқарасын білдіретін және көшбасшылық қасиетті жетілдіріп, достық қарым-қатынас орнату», - дейді Семей қаласы Достық үйінің директоры Шарова Надежда Васильевна.

Бұл жолы сендіру және дәлелдеу қабілеттерін 2 команда көрсетті: «жақтау» позициясымен шыққан «Қала» және «қарсы» ұғыммен «Әділеттілік» командалары. Балалар туған қаласының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы әңгімелеуі керек еді. Материалдың баяндалуы, дәлелдеуі, шешендік өнері сыналымдары бойынша қатысушылардың бірқатар жұмыстары бағаланды.

Байқау қорытындысы бойынша «Қала» командасы жеңіске жетті. Барлық командалар грамоталармен марапатталды. Айта кету керек, қарсыластар өздерін лайықты көрсетті, есеп айырмасы 3 ұпайға ғана аз болды.