19-12-2022
«Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығында» «Мәдениетаралық толерантты кеңістікті қалыптастыру және жастар ортасында диалогты дамыту» жобасы аясында «Толеранттылық мектебі» жастар конференциясы өткізілді.
Конференцияға ШҚУ және ШҚТУ студенттері қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар топтарда және жеке жұмыс істеді. Іс-шара Достық Үйі-Қоғамдық келісім орталығы басшысының құттықтау сөздерінен басталды.
Топтарда жұмыс істей отырып, қатысушылар тапсырманы өте жақсы орындады, өз жобаларын сәтті таныстырды және өз пікірлерімен бөлісті, сондай-ақ лекторлар мен басқа топтардың қатысушыларының сұрақтарына жауап берді. Үзіліс кезінде студенттерге Достық үйіне экскурсия жүргізілді, этномәдени бірлестіктер, ғимараттың сәулеті және жастар Coworking орталығы туралы айтылды.
Іс-шараны қорытындылай келе, қатысушылар қызықты және өзекті тақырып үшін дәріскерлерге алғыстарын білдірді, «Толеранттылық мектебі» жастар конференциясына қатысуды жалғастыруға ниет білдірді, сондай-ақ қатысушылар сертификаттармен марапатталды.