23-01-2023
Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығында – қысқаметражды фильм көрсетілді.
Көрсетілім «Қысқаметражды фильмдер күні» халықаралық кинофестивалі аясында өтті. Ұйымдастырушы Шығыс Қазақстан орыс мәдени орталығы болды.
Іс-шараның атмосферасы жылы және жайлы болды. Кинокөрермендерге ыстық шәй ішіп, фильмді тамашалау үшін барлық қажеттіліктер жасалынды. Жұмсақ орындарға жайғасып, сюжетті қызығушылықпен талқылады.
Сүйікті актерлер, режиссерлер және ТМД киноиндустриясындағы жаңа есімдер – осының бәрі көрермендерді экранға жақындатып, оқиғалардың дамуын асыға күтуге мәжбүр етті.
"Көруден үлкен ләззат алдым. Ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіремін", - деп бөлісті шараға қатысушы.