Музыка жанды жылытады

22-01-2020

Музыка жанды жылытады

Шемонаиха жері көптеген дарынды адамдарға бай, олардың ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар да кездеседі. Сондай бір талантты тұлғамыз Александр Иванович Шрамко ағамызбен Шемонаиха Достық үйінде кездестік. 

Ауданымыздың шығармашыл адамдарымен кездесу - бұл дәстүрге айналғанды. Біз суретшілерді, музыканттарды және ақындарды өздерінің жетістіктері мен шабыттары туралы айтуға шақырамыз. Жаңа жылда біз «Звено Алтая» облыстық әдеби бірлестігінің 100 жылдығына және бірлестігіміздің 15-жылдығына арналған кештер циклін ұйымдастыруды ұйғардық, - дейді Шемонаиха Достық үйінің директоры Соболева Вера Геннадьевна. 

Біздің материалдың кейіпкері өз аймағында ғана емес, бүкіл Шығыс Қазақстанда да танымал. Танымалдық пен тану оған еңбекқорлықтың, харизманың және жаңа көкжиектерді, соның ішінде шығармашылықты игеруге деген ұмтылыстың арқасында келген. Александрдың әр өлеңі - бұл тәжірибе мен эмоцияларға толы кішкентай өмір тарихы. 

Өлең жазу - Александр Шрамко бойындағы көп таланттарының бірі. Көп ұзамай ол музыканы ашты. Бұл хобби Александр Ивановичті баурап алғаны соншалық, ол баянда ойнауды өз бетінше игеріп алған. Бұл поэтикалық шығармаларға «жаңа тыныс» берді. Оның көптеген өлеңдері танымал әндерге айналды. Оған дәлел - Шығыс Қазақстан облыстық телеарнасында «Лучик надежды» бағдарламасының жүргізушісі Малика Галиеваның тапсырысы бойынша жазылған «Однажды настанет день» әні. 

Онымен кездесіп,жүздескен адамдар Александрды ақын,музыкант әрі патриот адам ретинде танып жатады. Александр Шрамко шығармашылығына арқау болған ол, туған жерге деген жалынды және жанқиярлық махаббат болды. «Менің туған Шемонаихам», «Менің Қазақстан менің мақтанышым» әндерін алғашқы аккордтардан әрбір Шемонаихалық тұрғын біледі. 

Александр Иванович облыстық және аудандық деңгейдегі фестивальдерге белсенді қатысады, Шемонаиха аудандық «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің мүшесі болып табылады, газеттерде үнемі басылып тұрады және дарынды балаларға шығармашылықта өз орнын табуға көмектеседі.