29-11-2017
Бүгін Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» мәдени және білім беру жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Д. Қ. Мыңбай, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депудаттары, қатысты. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Дархан Қамзабекұлы ауқымды жобаға қатысушыларды құттықтап ізгі тілегін білдірді. Аталмыш жобаға еліміздің барлық өңірлерінен оқу мен өнерді қатар алып жүрген алғыр бүлдіршіндер қатысты. Жобаның мақсаты түрлі этникалық топтардың мектеп жасына дейінгі балаларға және мектеп оқушыларына қазақ тілі мен мәдени ортасына бой үйретіп, мемлекеттік тілді меңгеруіне, қазақтың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бойына сіңіру. Жоба жеңімпаздарының қатарында Шығыс Қазақстан облысынан «Тіл мектебі» қазақ тілін оқытудың авторлық бағдарламалары аталымы бойынша Алена Вальеревна дараланса, Алаш Орданың 100 жылдығына арналған «Кемел елдің – кеменгер қаламгері» шығармашылық байқау бойынша Валентина Витальевна жеңімпаз атанды. «Мың бала» жобасының жеңімпаздары арнайы дипломдармен қатар, бағалы сыйлықтармен марапатталды.