«Мың бала»

16-11-2017

«Мың бала»

2017 жылдың 16 қарашасында Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында еліміздің барлық өңірінде өтіп жатқан «Мың бала» мәдени ағартушылық жобасы (түрлі этникалық топтардың мектеп жасына дейінгі балаларға және мектеп оқушыларына қазақ тілі мен мәдени ортасына бой үйретіп, мемлекеттік тілді меңгеруіне, қазақтың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бойына сіңіру) бойынша «SKYPE» бейне-бағдарламасы арқылы іріктеу өтті.

Іріктеудің шарты қойылатын сұрақтарға суырылып салып жауап беру және ой ұтқырлығы бойынша шешендік шеберлігін көрсету.

Аталмыш шараға Шығыс Қазақстан облысы бойынша ең үздік деп танылған Өскемен қаласының №42 орта мектебінің 7а сынып оқушысы Войтенко Алена Вальеревна, 7а сынып оқушысы Кайгородов Сергей Русланович, 11а сынып оқушысы Хусаинова Валентина Витальевна және Өскемен қаласы №24 орта мектебінің 10б сынып оқушысы Молдабаева Амина Шамильевна қатысты.