Жемқорлыққа жол жоқ!

20-05-2017

Жемқорлыққа жол жоқ!

2017 жылдың 19 мамыры күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен  қоғамдық әлеуетті тарту мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған дөңгелек үстел отырысын өткізді.

         Оған Достық үйінің этномәдени  бірлестіктерінің өкілдері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас мамандары М.Қ Сахариева мен А.К Нуртаева қатысты. Дөңгелек үстел барысында бас маман М.Қ Сахариева қатысушыларды мемлекеттің  сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатымен таныстырып,  мұндай жағдайға тап болған кезде қандай іс-шара қолдану керектігін түсіндірді. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері өз сұрақтарын қойып, жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті бала-бақшадан бастап насихаттау қажеттігін жеткізді.Сонымен қатар, тақырыпқа байланысты шағын бейнероликтер көрсетілді. Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының директоры Э.Төлеубеков осындай жемқорлықпен күрес шараларын өткізіп тұруға әзір екенін білдірді.