11 наурыз күні сағат 11.00-де Өскемен қаласының орталық алаңында қала жастары мен Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанатының мүшелері «Нұр Отан» партиясының шешімін қолдау мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсынды.
Бүкіл әлем мойындаған, тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанда ұлтаралық келісімнің бірегей моделі қалыптасты. "Нұр Отан" партиясының үндеуі - ол Қазақстан халқының үндеуі.
Акцияның мақсаты, еліміздегі қоғамдық келісімді әрі қарай нығайту және кезектен тыс сайлауда Президент кандидатурасын қолдау.
Акцияға "Ынтымақ-Содружество" жастар ҚБ және "Бірлік" жастар этноклубының өкілдері, ШҚО-ның этномәдени бірлестіктерінің жастары, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ университетінің, МЭСИ университетінің белсенді студенттері және басқа оқу орындарының студенттері қатысты.