Н.Ә. Назарбаевтың «Жүз қадамы» – Мемлекет дамуындағы жол

04-08-2015

Н.Ә. Назарбаевтың «Жүз қадамы» – Мемлекет дамуындағы жол

      Ағымдағы жылдың мамыр айында Елбасымыз «ҚР Президенті Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру бойынша жасалған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын ұсынды. Ұлт жоспарын түсіндіру мақсатында, 27 шілдеден облыстық ақпараттық-насихаттау тобы Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандандары бойынша өз жұмысын бастап кетті. 2015 жылғы 30 шілде күні Глубокое және Шемонаиха аудандарының елді мекендерін аралау сапары барысында  ақпараттық-насихаттау тобы құрамында, Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының директоры Э.Төлеубеков, ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының жетекшісі Е. Аязбаев және этномәдени бірлестіктердің өкілдері болды.  Олар ақпараттық-насихаттау тобының бекітілген кестесі бойынша ауданның жастарымен, мәдениет және білім мекемелерінің өкілдерімен кездесті. «Біртектілік пен бірлік» реформасы бағытын талқылай отырып жастар үшін маңызды құныдылықтар анықталып, отырысқа  қатысушылардың  бастамшылдық ұсыныстарын  қарастыра отырып, түсіндіру тобының мүшелері түсіндіру жұмысының негізі кезеңдерін  талқылау жолын ұсынды.  Өз кезегінде олар  Ұлт көшбасшысының жол қолдайтындарын  және Ұлт жоспары қадамдарын келешекте  тиімді жүзеге асыруға ниеттерін білдірді. Сонымен бірге алдағы айларда облыстық ақпараттық-насихаттау тобының облыстың басқада аудандарына сапарға шығуы жоспарланып отыр.