25-07-2024
Катонқарағай ауданының Достық үйінде «Ассамблея жастары» жастар қанаты және «Дәстүр» этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен «Ұлттық құндылық - ұлт қазынасы» тақырыбында этно квиз өтті.
Іс-шараның мақсаты жастардың білім деңгейін анықтау. Ойынның бәсекелестік сипаты қатысушыларды бағдарламаның теориялық бөлігін есте сақтауға ынталандырады, ал өткізу формасы әртүрлі психикалық процестерді қамтиды.
«Ассамблея жастары» жастар қанатының өкілі Маниярова А.Т. қатысушыларды осы зияткерлік ойынның ережелерімен таныстырды. Оған «Қыран» және «Жастар» командалары қатысты. Шара соңында жеңімпаз «Жастар» командасына грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді.