«Қазақстан халқы ұлттық билері»

21-04-2018

«Қазақстан халқы ұлттық билері»

2018 жылғы 21 сәуірі күні Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында «Жаңғыру жолы» жастар штабының ұйымдастыруымен 28 сәуір күні өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI-шы сессиясына арналған «Қазақстан халқы ұлттық билеріның» бірінші облыстық фестивалі өтті.

Фестивальдің мақсаты жастардың бойында шығармашылыққа деген талпынысты арттыру, би өнерінің кең ауқымда дамуына атсалысу, өскелең ұрпаққа еліміздің басты байлығы - Қазақстан халқының достығы мен бірлігін дәріптеу. Сондай-ақ би өнері арқылы этносаралық, толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін насихаттау болып табылады.

Аталмыш іс-шарада Шығыс Қазақстан облысының Семей, Шемонайха және Өскемен қалаларының 11 хареографиялық би ансамбілдері өнер көрсетті.

Шара соңында КММ «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» директоры Э. Төлеубеков Фестивальге қатысқан хареографиялық топтарға алғысын білдіріп дипломдармен марапаттады.