Ұлттық шығармашылықпен сусындады

15-11-2022

Ұлттық шығармашылықпен сусындады

«Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығында» «Ақ босаға» музыкалық ансамблінің «Өмір қандай тамаша» атты мерекелік концерті өтті.  Шараға қонақ ретінде қала тұрғындары қатысты.  Концерт қазақ халқының аса бай мұрасы әлеміне сүңгуге тамаша мүмкіндік болды.

Еске салайық, «Ақ босаға» ансамблінің басты мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрін, тарихи мұрасын, этникалық мәдениетін насихаттау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, ана тілін білуге ​​баулу.

Сондықтан да концерттік бағдарлама ұлттық шығармашылықпен «сіңіскен». Ұлы Абай Құнанбаевтың өлеңдеріне жазылған әндер, туған жер туралы шығармалар, сондай-ақ қазақ тіліндегі басқа да халық әндері орындалды.  Осының барлығы ұлттық музыкалық аспаптарда жанды дауыста ойнаумен ұласты.

Шара соңында ұйымдастырушылар баршаға татулық, ынтымақ, береке-бірлік тілеп, назарларына алғыстарын білдірді. «Елімізге бақыт, мейірім мен гүлдену!» деп атап өтті олар.