29-12-2021
Уақыт – адам өміріндегі ең басты құндылық. Оны тиімді пайдалану – бүгінгі күні жетістікке жетудің бірден бір жолы. Уақытты ұтымды пайдалану арқылы тез арада тіл үйренуге, біліктілікті арттыруға, білімді шыңдауға, материалдық жағдайды жақсартуға әбден болады. Әр минут – мүмкіндік, әр секунд – сәт. Дәл осы мүмкіндікті бүгінде Достық үйі- қоғамдық келісім орталығы ұсынып отыр. Жақында Достық үйінде армян халқының ұлттық ойындарынан турнир өткізілді.
«Армян этно мәдени бірлестігі этнос дәстүрлерін насихаттау, ұлттық ойын түрлерін таныстыру мақсатында семинар форматында спортты турнир ұйымдастырды» деп хабарлады ұйымдастырушылар.
Бағдарлама қатысушыларға бір емес, бірнеше ойын түрлерінен (шахмат, нарды дойбы және лото) сынаққа түсіп, бақ сынасуға мүмкіндік берді. Бұл ойындардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктері мен қызықты тарихы бар. Тарихқа шолу жасап, тереңіне үңілсеңіз, сіз бұған көз жеткізе аласыз.
Мәселен, Тигран Петросян, Рафаэль Ваганян, Смбат Лпутян, Гарри Каспаров сынды әлемге әйгілі, талантты шахматшылар Арменияда дүниеге келген. Ал нарды – адамдар бес мың жылдан астам уақыттан бері ойнап келе жатқан ежелгі шығыс ойыны. Лото ойыны 18 ғасырда Италия жерінде пайда болған. Армян халқы осы ойын түрлерін жақсы көргендіктен сол елде қанат жайып, кең тараған.
Қатысушылар шара барысында бұл ойын түрлерінде биік белестерді бағындырып, халықтың құрметіне бөленген тұлғалардың жетістікке жету жолдарымен танысты. Содан да болар, олар ойынға бар күш-жігерлерін салды. Ойыншылардың әрқайсысы өзінің білім-білігін, сарапшы, стратег ретіндегі қарым-қабілеттерін паш етті. «Барын салды барлығы. Ешкім жеңген жоқ, ешкім жеңілген де жоқ. Бұл күні тек достық салтанат құрды!» дейді балалар.
Іс-шара соңында жас зияткерлерге грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді.