«Достығымыз жарасқан»

19-10-2022

«Достығымыз жарасқан»

Қазан айының екінші онкүндігінде «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» 30 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осыдан тура үш онжылдық бұрын республикадағы тұңғыш Достық үйі ашылды, ол содан бері киелі Қазақстан жерінде бейбітшілік пен келісімнің туы болып келеді.

Мерейтой қарсаңында Достық үйінде мерекелік концерт өтті.  Біздің тамаша шығармашылық ұжымдарымыз, сондай-ақ облыстың түкпір-түкпірінен – Шығыс Қазақстан облысынан келген қонақтар өз өнерлерін көрсетті.

Бүкіл еліміздегі сияқты Достық үйінің бірегейлігі оның мәдени әртүрлілігінде.  Әрбір этнос өзінің рухани мұрасын жан-жақты ашуға ұмтылады және біздің құрметті көрермендер бұл көріністі қуанышпен тамашалайды.  Мереке алдындағы шарада солай өтті.

Көрермендер әсем, жалынды, ғажайып этникалық билерге тәнті болып, халық әуендерін ерекше ықыласпен тыңдады, ұлттардың мейірімділігі, бірлігі, ынтымағы мен бірегейлігі туралы танымал, сүйікті әндерін бірге шырқады.

Шара аясында этномәдени бірлестіктер мен шығармашылық ұжым мүшелеріне алғыс хаттар табыс етілді, өйткені Достық үйінің ерекше болуы  солардың арқасы. Олардың жұмысы ешқашан елеусіз қалмайды.

Концерт жоғары деңгейде өтті, келген қонақтардың пікірлері оған дәлел. «Музыка мен бидің түйісуі. Мен үлкен ләззат алдым, позитивті эмоциялардың күшті қуаты, енді маған ұзақ уақытқа жетеді », - деп бөлісті қала тұрғыны.