05-06-2024
Алтай ауданының Достық үйінде «Ассамблея жастары» Жастар қозғалысы, ҚХА және жастар ресурстық орталығы еріктілерінің «Ассамблея жастары» республикалық ҚБ басшысы Тимур Джумурбаев және ШҚО «Ассамблея жастары» ҚБ филиалының басшысы Равиль Юнусовпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Алтай ауданының жастар қозғалысының белсенділері ауданда 2023 жылдың қыркүйегінен бастап іске асырылып жатқан «Қанатты жастар» жобасын ұсынды. ҚХА еріктілері қайырымдылық саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Сонымен қатар, Алтай ауданының жастары жарқын болашаққа арналған жұмыс жоспарларымен бөлісті.
Өз кезегінде спикерлер Тимур Джумурбаев пен Равиль Юнусов қатысушыларды «Ассамблея жастары» республикалық штабының қызметі және ҚХА-ның жаңа жобалары туралы хабардар етті, сондай-ақ аудан жастарын оларды іске асыруға белсенді қатысуға шақырды.
Кездесу жылы достық атмосферада өтті. «Біздің міндетіміз - Қазақстанның болашағы қолында тұрған жас ұрпақты жаңашылдыққа үйрету», - деп түйіндеді Равиль Юнусов.