21-11-2022
Қазақстан этностардың тамаша палитрасымен жарқырайды, бұл біздің патриотизміміз. Тағдырдың, уақыттың қалауымен көптің басын біріктірген ұлы ел. Бесіктен белі шықпай, қай тілде сөйлеп жатса да, болашақ балалары мен немерелері үшін ондаған жылдар бойы аяулы да жылы шаңырақ болып қала беретін ел.
Этникалық әртүрліліктің арқасында біз ешқашан жалығып көрген емеспіз. Бұл жолы Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығында – шешен мен ингуш халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына арналған «Вайнах» ансамблінің есеп концерті өтті.
Іс-шара Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы басшысының орынбасары – Юнусов Равиль Александровичтің құттықтау сөзімен басталды, онда қуанышқа екі жақты себеп бар – бұл Достық үйінің құрылғанына 30 жыл толғандығы және «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің 30 жылдығы.
Одан әрі «Достық үйінің 30 жылдық» мерейтойлық медальдарымен мемлекеттік этникалық саясатты жүзеге асыруға, қоғамдық келісімді, достық пен бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін: «Вайнах» этно-мәдени бірлестігінің құрметті мүшесі - Янгулбаев Хамзат Хасанұлы және бірлестіктің хореографы Елмурзаев Адам марапатталды.
Концерттік бағдарлама шешендер мен ингуштардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің синтезіне айналды, ол жалынды және әсем билермен, туған жер туралы әндермен және ұлттық музыкалық аспаптарда виртуоздық ойнаумен көрініс тапты. Көңіл көтеру үшін ерекше билер, әндер шығармашылық нөмірлер көрсетілді.
Шара соңында ұйымдастырушылар жиналғандарға: «Белсенділіктеріңіз бен қамқорлықтарыңыз үшін рахмет, бақытты болыңыздар, қымбатты достар!», - деп алғысын білдірді.