Наурыз - жыл басы

20-03-2023

Наурыз - жыл басы

Наурыз мерекесі қарсаңында Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы, Жастар ресурстық орталығы және «Ассамблея Жастары» белсенділерімен бірлесіп, мереке қарсаңында палау мен бауырсақ таратуды ұйымдастырып, қала тұрғындарына көктемгі көңіл-күй сыйлады. 

Билер, әсем әндер, ұлттық әуендер мен киімдер қала тұрғындарына жарқын эмоцияларды сезінуге мүмкіндік берді. 

«Ең алдымен Өскемендіктерді келе жатқан мерекемен құттықтаймыз.  Наурыз – жомарттық пен қонақжайлылық мерекесі, қонақтарды дәмді тағамдармен қарсы алу дәстүрі.  Біз барлық жандарды дәмі тіл үйірері палау және тәтті бауырсақпен қуана қарсы алдық», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.