24-03-2018
2018 жылдың 24 наурызы күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Наурыз айы келгенде» атты облыстық ақындар айтысы өтті.
Дүбірлі айтыста ақындар облыс және республика көлеміндегі мәселелер аясында жырдан шашу-шашып, бір-біріне өткір сұрақтар қойып, ұтымды жауаптар қайтарып, айтыс сүйер қауымның көңілінен шығып, көрермендерді желпіндіріп отырды.