Наурыз мейрамы тойланды

01-04-2022

Наурыз мейрамы тойланды

Өскемен қаласындағы Аблакетка кентіндегі №14 мектепте "Топаз" геологиялық басқармасының демеушілігімен Наурыз мейрамы тойланды. 

Іс-шара аясында мерекелік концерт, түрлі ойындар мен жарыстар ұйымдастырылды. Жиналған қонақтарға дастарқан жайылып, наурыз көже таратылды. 

«Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» «Атамұра» ансамблі өнер көрсетіп, жұртшылықтың ризашылығына бөленді.

Шара барысында Шығыс билері алқасының аға биі Ертіс Ибрайымұлы Нұразханов сөз сөйлеп, жиналған қауымды мейраммен құттықтады. Өз сөзінде билерге қойылатын талаптарды таныстырып, бидің мақсат-міндеттерін атап өтті.

Мерекелік шара жайындағы ақпаратты бүгін 20:00-де «Алтай» телеарнасынан тамашалай аласыздар.