Ұлыстың ұлы күні тойлады

22-03-2018

Ұлыстың ұлы күні тойлады

22 наурыз күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Ұлыстың ұлы күні кең көлемде тойланды. Достық үйінің алдына 2 киіз үй тігіліп, мерекеге жиналған халыққа бауырсақ пен наурыз көже тегін таратылды.

Көп ұлты бір шаңырақ астына тоғыстырған Достық үйіның этномәдени бірлестік өкілдері мерекеге жиналған қала тұрғындары мен қонақтарына өнерлерін паш етіп, жұртшылыққа мерекелік дастархан жайды.

Мерекелік іс-шара барысында арқан тарту, гір көтеру, қол күрес, шахмат, тоғыз құмалақ, қой көтеру секілді ұлттық спорт ойындарынан жарыс ұйымдастырылып жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар таратылды.

Қала тұрғындары мен қонақтарының көңілі күлімдеген көктемдей көтеріңкі болды.