Омбыда наурыз тойланы

30-03-2019

Омбыда наурыз тойланы

Наурыз-жаңа күн немесе жаңарту уақыты. Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды. 
Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын.  2019 жылдың 31- наурызы күні Омбы филармониясының концерт залында Сібір қазақтарының "Мөлдір" мәдени орталығының 30 жылдық мерей тойына орай науырыз мерекесін кең көлемде тойлады. Омбы қаласына іс сапар мен барған ШҚО Достық үйінің делегациясы наурыз мерекесіне және қазақ мәдениеті орталығының мерейтойына қатысты. 
Мерекеге Атырау қаласынан Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі, "Мөлдір" қазақ халық фольклорлық-этнографиялық ансамблі, "Әйгерім" Қазақ би ансамблі және Омбы мен облыстың үздік қазақ шығармашылық ұжымдары қатысты.