12-06-2024
Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы «Кітапханадағы қымызхана» бағдарламасы аясында Әкелер күніне арналған «Ұлағатты әке» іс-шара өткізілді. Оған Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының басшысы Толеубеков Эльдар Толеубекұлы қонақ болып қайтты.
Кездесу барысында бала тәрбиесі және әкелердің бала өміріндегі рөлі жайлы әңгімелер қозғалды. Әр қатысушы өз ойын ашық білдіріп, отбасылық сұрақтарды жаңа жағынан ойлап көруге мүмкіндік болды.
Дастарханның көркін келтірген қазақтың қымызы мен бауырсағынан қатысушылар дәм татып көрді.
Іс-шара соңында «Болашақ ұрпаққа рухани тәрбие беруде, ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда кітапханамен тығыз байланыс орнатқаны үшін» алғыс хаттарымен марапаттау рәсімі өткізілді.