Тарих сабақтарынан бас тартпаңыз

31-05-2021

Тарих сабақтарынан бас тартпаңыз

Қуғын-сүргінге тек қазақтар ғана емес, Қазақстанға күштеп жер аударылған басқа этностардың 1,5 миллион өкілдері де ұшырады. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аға ұрпақтың үлесіне қандай қиындықтар түскенін еске салады. 

Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Онлайн-іс-шараның тікелей көрсетілімін Шығыс Қазақстан облысының аудандық Достық үйлерінің өкілдері тамашалады. 

ШҚО ІСБ «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы» КММ басшысы дөңгелек үстел отырысын ашып, іс-шараға қатысушыларға саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алудың маңыздылығы туралы еске салды. 

ШҚО ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Әубәкіров Алдияр Ақылбекұлы өз тарихымен бөлісті: 

«Бұл бір халықтың кінәсі емес, барлығына ортақ жағдай. Ол туралы ұмытпауымыз керек. Өйткені, бұл естелік қазір өмір сүретіндердің бәріне қажет».

«Видергебурт» Шығыс Қазақстан неміс мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің белсендісі Роот Лидия Генриховна қуғын-сүргінге ұшыраған әкесі туралы естеліктерімен бөлісіп, қазақ халқына оған және оның ағасына көрсеткен жылулығы үшін алғысын білдірді: 

«Қазақстанда бізде 3 буын өмір сүріп келеді, маған бұл жерде ұнайды. Барлығымыздың аспанымыз ашық болсын деп тілеймін. Тыныштық пен бейбітшілікте өмір сүрейік».

Глубокое ауданының «Достық үйі» КМҚК әдіскері Пшимбаева Павлина Михайловна «Рахмет, қазақ жері!» тақырыбында баяндамасын айтып, аудандық Достық үйлерін біріктіруді ұсынды, сонда ғана мәдениетімізді жақсырақ білетін боламыз дейді ол.

«Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні - қайғы символы, ескерту. Біздің міндетіміз - қайғылы оқиғаның ауқымын балаларымыз бен жастарымызға жеткізу», - деп баяндаманы қорытындылады Бесқарағай аудандық Достық үйінің неміс этномәдени бірлестігінің мүшесі Василий Петрович Каель.