18-04-2022
Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында неміс мәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен пасха мерекесі тойланды.
Көптеген жылдар бойы неміс орталығының белсенділері OSTERN яғни, пасха әдет-ғұрыптарын кеңінен атап өтіп келеді.
Пасха әдет-ғұрыптары ғасырлар бойы неміс мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналды және барлығы үшін үлкен символдық мәнге ие. Пасха мерекесінде туыстар бір-бірінің үйлеріне барады, мерекемен құттықтап бір-біріне сыйлықтар береді. Немістердің жартысынан көбі пасханы туыстарымен бірге атап өтеді. Көптеген отбасылар үйлерін пасха әшекейлерімен безендіреді. Көбінесе олар зергерлік бұйымдар мен сыйлықтарды өз қолдарымен жасайды. Мысалы: пасха жұмыртқаларын бояу, өздерінің пасха себеттері мен ыдыстарын жасау. Балаларға ойыншықтар, кітаптар мен тәттілерді, мысалы, шоколад жұмыртқалары мен шоколад қояндарын сатып әпереді.
Достық үйінде де мереке атмосферасы сезілді. Мерекеге жиналған көрермендер этномәдени бірлестіктер дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады.
Іс-шара барысында сәндік-қолданбалы өнер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шараның бонусы тегін мастер-класс өткізу болды, онда іс-шараға қатысушылар өз қолдарымен пасха бұйымдарын жасады.
Іс-шара соңында барлық қонақтарға пасха жұмыртқалары таратылды, ал іс-шараға қатысушыларға Достық үйі басшылығының атынан Алғыс хаттар табыс етілді.
"Пасха-бұл керемет әрі жарқын мереке, мен іс-шараға неміс мәдени орталығының шақыруымен келдім. Ұйымдастырушылар мен әртістерге керемет көңіл-күй сыйлағандары үшін рахмет!",- дейді шараға қатысушылардың бірі.