14-08-2014
Немістер ассоциациясы Достық үйінде
2011 жылы 8 мамырда облыстық Достық үйінде ШҚО немістер қоғамдастығының жиыны болып өтті. Жиында Александр Федорович Дедерердің Қазақстан Республикасы немістер ассоциациясының «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығын абыроймен қарсы алу бойынша немістер ассоциациясының жұмысы туралы және қазақ-неміс әріптестігі туралы» есебі тыңдалды.
Жиынға Семей, Риддер қалаларының, сонымен бірге Глубокое, Зырян, Шемонаиха, Бородулиха және басқа да аудандардың өкілдері қатысты. Шығыс Қазақстан. неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы Любовь Васильевна Игнатьева, ҚР немістер ассоциациясының әлеуметтік жұмысы бойынша сараптамашы Екатерина Степановна Попова сөз сөйледі. Алда осындай кездесулерді тәжірибеге енгізу, Германиямен өзара қарым-қатынас көпірі болатын, жастармен жұмыс жасауға, Қазақстандағы немістердің барлық экономикалық және әлеуметтік өміріне ерекше көңіл бөлу шешілді. Сөз алғандар тарапынан бизнес өкілдерімен жастар арасында кездесу ұйымдастыруға, үш тілді меңгеру бойынша мақсаттылық жұмыстар жүргізуге, мерзімді неміс өнері фестивалін өткізуге, қазақ және неміс тілдерін меңгеру бойынша конкурстар өткізуге ұсыныс жасалды. Кездесу барысында немістер қоғамдастығы алдында, Реал-Тайм студиясының «Рейннен Ертіске дейін» атты фильмінің тұсаукесері болып өтті.
Облыстық Достық үйі.