21-11-2022
«Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығында» ерекше мұқтаж жандарға арналған «Ақ тырна күні» атты мерекелік концерт өтті. Шараны «Шығыс Қазақстан орыс мәдени орталығы» ұйымдастырып, Өскемен қаласындағы Ресей федерациясының Бас консулдығының вице-консулы Александр Андреевич Дьяченко құрметті қонақ болды.
Іс-шара Достық үйінің биыл атап өтілген 30 жылдық мерейтойын атап өтумен, сондай-ақ мекеме басшысы Төлеубеков Эльдар Төлеубекұлының орыс этномәдени орталығының Правдина Вера Николаевнаны, «Достық үйіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттауымен басталды.
Концерттік бағдарлама көркін этномәдени бірлестіктер дайындаған номерлер қыздыра түсті. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар өздерінің таланттарын ғана емес, сонымен бірге керемет жігерлерін де көрсетті. Жылулық пен жарқын болашаққа деген мызғымас сенімге толы өмірді растайтын шығармалар шырқалды. Шара «Все, что в жизни есть у меня» әнімен аяқталды.