Мейірімділік жүректен!

17-02-2021

Мейірімділік жүректен!

Еріктілер жылынды Үржар ауданында еріктілер қозғалысының орталығы ашылды. Бұл орталықтың ерекшелігі - жастармен қатар, онда әртүрлі мамандық өкілдері болып табылатын ересек адамдар да қатысушы бола алады.

«Біздің орталық 2020 жылдың 5 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастады. Жақында біз өз жұмысымыздың бірінші жылдығын атап өттік. Қазіргі уақытта еріктілер қозғалысы шамамен 30 адамды құрайды. Бізде басшы жоқ, біз әлемді жақсы жаққа өзгертіп, адамдарға көмек көрсету - жүректің қалауы екенін көрсеткіміз келетін епіктілерміз», - дейді Үржар аудандық қоғамдық келісім орталығының әдіскері Қажытай Серікжан Ержанұлы.

Өз қызметі кезеңінде еріктілер түрлі қайырымдылық акцияларына қатысты. Пандемия кезінде бетперде тарату акциясы ауқымды шаралардың бірі болды. Белсенділер өз күштерімен жергілікті тұрғындарға арналған жеке қорғаныс құралдарын тігіп берді. Барлығы 5000-ға жуық маска таратылды. Сонымен қатар, еріктілер балалар үйлеріне үнемі қолдау көрсетіп, көп балалы отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етуде көмек көрсетуде.

Сондай-ақ, еріктілер облыстық Достық үйімен жемісті жұмыс істеп, маңызды іс-шараларды өткізіп алмауға тырысады. Жақында белсенділердің бірі «Толеранттылық мектебі» конференциясына қатысып, «Инновациялық жоба» номинациясында жеңіске жетті. Жақын арада «Абай» атты жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Жуырда Үржар көшелерінің бірінде Ұлы ағартушының кез-келген шығармасын QR код арқылы табуға болатын электронды кітап көрсетіледі.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізуді тілейміз және еріктілер санының өсіп келе жатқанына шын жүректен қуаныштымыз!