27-01-2025
Кан Никифор Сергеевич – Қазақстан халқы Ассамблеясының дамуына, сондай-ақ еліміздегі корей этносының бірлігі мен мәдениетін сақтауға зор үлес қосқан. Ол елімізде алғашқы болып Достық үйінің негізін қалаушылардың бірі болып, корейлер қауымдастығының қоғамдық қозғалысын дамытуға белсенді атсалысты.
Кан Никифор Сергеевич корей этномәдени бірлестігінің алғашқы президенті ретінде ана тілін үйрену мен ұлттық мәдениетті жаңғырту жолында көп еңбек етті. Оның бастамасымен көптеген мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, корей халқының салт-дәстүрлері мен өнері кеңінен насихатталды.
Ерен еңбегі үшін мынадай марапаттарға ие болды:
Кан Никифор Сергеевичтің өмірі мен қызметі – ұлттық құндылықтарды сақтау мен дамыту, бейбітшілік пен келісімді нығайту ісінің жарқын үлгісі. Оның сіңірген еңбектері тарих беттерінде мәңгі сақталады.