22-01-2025
1992 жылы Қазақстан тәуелсіздігінің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының алғашқы форумында Лилия Викторовна ШҚО өкілі ретінде қатысып, маңызды баяндама жасады. Бұл форум кейіннен ҚХА құрылуына негіз болған тарихи оқиға еді. Ассамблеяның алғашқы қадамдарынан бастап, Лилия Викторовна ұйымның идеяларын кеңінен таратуға және этностар арасындағы келісімді нығайтуға белсене атсалысты.
Лилия Викторовна ҚХА ШҚО бойынша ғылыми-сараптамалық тобының құрылған күнінен бастап мүшесі болды. Оның этносаралық және мәдени диалогты дамытудағы жұмысы азаматтық бірегейлік негізінде халықтар арасындағы достықты қалыптастырудың тәжірибелік және теориялық негіздерін жасауға бағытталды. Оның тәжірибесі мен білімі осы салада көптеген жобалар мен бастамаларды іске асыруға мүмкіндік берді.
Лилия Викторовнаның еңбегі көптеген марапаттарға ие: