27-08-2021
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Достық үйінде «Ассамблея еріктілері» онлайн - кездесуі өтті, кездесу қарсаныңда Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, аудандық Достық үйлерінің белсенділері және Шығыс Қазақстанның әр түкпірінен келген еріктілер қозғалыстарының қатысушылары республикалық спикерлермен бірлесіп, бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.
Шара облыстық Достық үйінің басшысы Нұрғалиев Алмаз Болатұлының құттықтау сөздерінен басталды: «Шығыс Қазақстанда еріктілер қозғалысы қарқынды дамып келе жатқаны сөзсіз. Әріптестерімізмен кездесулеріміз әрқашан нәтижелі болғаны оң жайт. Біз өз тәжірбиемізбен бөлісуге және осы істе ниеттес адамдардың тәжірибесімен таныса алатынымызға қуаныштымыз. Күштерді біріктіру және ортақ жігермен идеяларды қалыптастыру – табысқа жетудің кілті», - деп атап өтті ол.
Кездесу барысында қатысушылардың әрқайсысы өзекті тақырыптармен сөз сөйледі, онда жергілікті жерлерде атқарылған жұмыстар туралы, атап айтқанда, облыстың қалалары мен аудандарында волонтерлер қозғалысының атқарылған қызметі туралы ақпарат жария етілді. Сондай-ақ, жалпы волонтерлік және осы саладағы жаңа жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Семей қаласының "Glück" неміс жастар орталығының жетекшісі Мария Горбачева волонтерлікті жаңғырту туралы өз идеясын ұсынды.
Соңында Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілер қозғалысы жетекшісінің лауазымына Илья Анищенко тағайындалды. Ол ұзақ уақыт бойы волонтерлік қызметпен айналысып, Алтай ауданы бойынша "Елбасы медалі" жобасының тәлімгері қызметін атқарды. "Жаңғыру жолы" жастар штабы төрағасының жаңа орынбасары болып Гостеева Устинья таңдалды. Ол Катонқарағай ауданының тумасы, мемлекеттік тілді еркін меңгерген және ұзақ уақыт бойы волонтерлік қызметпен белсенді айналысқан.
Сонымен қатар, онлайн – конференция соңында үздік еріктілер Алғыс хаттармен марапатталды.
Баршаңызды келе жатқан Конституция күнімен құттықтаймыз! Қасиетті Шығыс Қазақстан жерінде бейбітшілік, бірлік пен келісім тілейміз!