Серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері

09-11-2021

Серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері

Қазақстан халқы Ассамблеясы – конституциялық мәртебесі бар қоғамдық институт, ол ұлттық құндылықтарды дәріптеуде, қоғамның дамуы үшін жағдай жасауға және әлеуметтік маңызы бар проблемаларды шешуге жәрдемдесуге тиіс, ал бұл үшін азаматтық халықпен тығыз өзара іс-қимыл жасау қажет.

Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы басшысының орынбасары, ШҚО ҚХА "Жаңғыру жолы" жастар штабының төрағасы және Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Равиль Юнусов қаламыздың № 6 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының және Достық үйінің рөлі, сондай – ақ осы маңызды құрылымдардың қандай қызмет атқаратыны туралы айтып берді.

«Достық үйі ақпараттық кездесулерді тұрақты түрде өткізіп тұрады. Бұл біздің қандай жұмысты жүзеге асыратынымыз, адамдардың «дұрыс» түсініктерін қалыптастыру, сондай – ақ  халық тарапынан кері байланыс маңыздылығын айқындау үшін жасалады.», – дейді спикер.

Әңгіме барысында республика Тәуелсіздігінің мерейтойы, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихы, этномәдени бірлестіктердің қызметі, еріктілер қозғалысының жетістіктері және т.б. өзекті тақырыптар қозғалды.

Іс – шараға қатысушылар сөз сөйлеушіні қызығушылықпен тыңдады. Еріктілік тақырыбы оларға әсіресе жақын болды. Өзгелерге көмек тақырыбын тақылау барысында бұл сала ортақ серіктестік үшін «көпір» болады деген ортақ шешім қабылданды. Өрт сөндірушілер жас буын өкілдеріне қауіпсіздік, төтенше жағдайлардағы іс – қимыл алгоритмі және жалпы өз жұмысы туралы бөліссе, ал жастар өз кезегінде өз тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алады, өйткені еріктілер мен өрт сөндірушілер ортақ іс атқарады – адамдарға көмек қолын созады.