«Сауаттылыққа жаңа қадам»

07-09-2022

«Сауаттылыққа жаңа қадам»

«Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында» «Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен диктант қазақтың біртуар тұлғасы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналды.

Іс-шараның басты мақсаты – этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту. Осыған орай, іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып,қатысушылардың сауаттылық деңгейлерін тексерді.

Диктантқа этномәдени бірлестіктердің өкілдері, азаматтық қоғам өкілдері, жастар ұйымдарының белсенділері, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер және студенттер қатысты.

«Бүгінгі диктант мемлекеттік тілді меңгеру, біртұтас ұлт болу жолындағы айрықша маңызды қадам екенін жастардың санасына сіңіре отыра мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның қоғамдық маңызын арттыру мақсатындағы маңызды шаралардың бірі болды. Өзімнің сауаттылық деңгейімді тексере алдым. Ұйымдастырушыларға көп рақмет!», - өз ойымен бөлісті шара қатысушысы.