Оқушыларға арналған семинар

04-05-2019

Оқушыларға арналған семинар

2019 жылы 03 -  мамыры күні Достық үйі –қоғамдық келісім орталығында мектептегі медиация тақырыбы бойынша Өскемен қаласының №10,11,12,13,14 мектептерінің психологтары мен оқушыларының қатысуымен семинар-тренинг өтті. Семинар мақсаты оқушыларға медиация рәсімдері арқылы жан-жалдардың алдын-алу және түзету жұмыстарының тиімділігін арттыруға ықпал ететін балама әдістерін қолдануға үйрету, оқушылардың қоғамға қарсы әрекеттерінің көрінісін азайтуға және жан-жалды жағдайлардың жалпы санын азайтуға бағытталады. 
Семинар - тренингті кәсіби медиатор Төлеутай Заманбеков жүргізді. Мұндай семинар-тренинг жыл көлемінде ай сайын Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында барлық қала мектептері үшін өткізіледі.