Кәсіпқоймен медиация жайлы

22-01-2020

Кәсіпқоймен медиация жайлы

Instagram платформасында тікелей эфирде көрермендерімізге медиацияның не екенін және оны өмірдің түрлі салаларында қолданудың тиімді тұстары туралы кәсіби медиатор Марианна Дячук айтып берді.

Қазақстандағы медиативтік сала Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданған күннен бастап 10 жыл бойы кезең-кезеңімен дамып келеді және осы кезеңде көптеген жетістіктерге қол жеткізді.

«Бүгінгі таңда әрбір Шығысқазақстандық медиация рәсімінің не екенін және оған кедергісіз жүгіне алатындарын біледі», - деп сендіреді Марианна Ивановна.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Достық үйінде күрделілігі әртүрлі деңгейдегі жағдайларды шешу саласындағы білікті мамандар өз жұмысын жүзеге асырып, сөзсіз қажетті көмек көрсетеді. Олардың ішінде Марианна Дьячуктың өзі де бар.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдан бастап ШҚО Достық үйінің сайтында «Цифрлық Қазақстан» жобасы аясында республикада бірінші болып кез келген адам білікті мамандарға өз сұрақтарын қоя алатын  медиаторлардың виртуалды кабинеті іске қосылды. 2020 жылы виртуалды кабинетке 16 өтініш түсті. Оның 14 өтініші - аяқталған, 2 өтініш - шешу сатысында. Медиаторлар өз кезегінде өткен жылға 73 қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және 78 отбасылық - тұрмыстық істерді қарады.

Қалада бірнеше Татуласу орталықтары жұмыс істейді: «Альтернатива», «ULAN» медиация және құқық орталықтары, ал жақында тағы бір «Татуласу орталығы» ашылды. Мекемелерде өз кезегінде тәжірибелі, заңгерлік кеңес те бере алатын психологтар мен медиаторлар жұмыс істейді. Әр орталықтың өз сайты бар, сондықтан қажет болған жағдайда олардың кез-келгеніне жүгінуге болады!

«Шығыс Қазақстанда  ұлтаралық негізде қақтығыстар жоқ. Көбінесе бізге ажырасуға дейін жеткен жас отбасылар жүгінеді, және осындай жағдайларда медиация саласының арқасында 80 % отбасы татуласып, шешімін табатыны қуантпай қоймайды», - дейді кәсіби медиатор.