06-05-2021
Достық үйінде Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналды. «Біздің күшіміз бірлікте!» дөнгелек үстелінің қатысушылары кеңес мүшелері, сондай-ақ Достық үйінің басшысы Алмаз Нұрғалиев болды.
«Пандемияға қарамастан, Коғамдық келісім кеңесі жыл бойы белсенді жұмыс істеді. Біз аудандық Достық үйлерінің жұмысына жетекшілік еттік және әріптестерімізге біздің тәжірибеміз туралы айтып, ақпараттық қызмет жүргіздік», - деп атап өтті төраға Геннадий Пуссеп.
Сонымен қатар, Геннадий Николаевич өз сөзінде этномәдени бірлестіктер мүшелерінің алдында тұрған міндеттер туралы және Тәуелсіздік мерейтойы жылында жастарды патриоттық тәрбиелеу қандай алгоритм бойынша жүзеге асырылуы тиіс екендігі туралы айтып берді.
ШҚО ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары - Әубәкіров Алдияр Ақылбекұлы ШҚО ҚХА мүшелері мен ҚР су жолдары кәсіпорындары өкілдерінің бірлескен туристік-өлкетану экспедициясын өткізу туралы ұсыныс жасады.
ШҚО ҚХА жергілікті өзін-өзі басқару кеңесінің төрағасы Серік Оразбайұлы облыс орталығының мысалында Қоғамдық келісім кеңестерін құру тәжірибесін енгізуді ұсынды.
Іс-шара соңында қорытынды шығарылып, ұсыныстар айтылды.