09-03-2021
Достық Үйі-Қоғамдық келісім орталығында Краснобаева Нелли Леонидовна төрағалық ететін ШҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының отырысы өтті.
Отырыста ғылыми - сараптамалық топ мүшелері Достық Үйі - Қоғамдық келісім орталығының жаңа басшысы Нұрғалиев Алмас Болатұлымен танысты. Сонымен қатар, алыс және жақын шетелдердің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты ұйымдастыру бойынша мәселе, АЛТМУ (РФ) «Қазақстан жолы және Н.Назарбаев» кафедрасында ҒСТ мүшелерінің дәрістерін сараптап, «Қазақстандағы және шектес аумақтардағы этногеографиялық процестер» ХХ Халықаралық ғылыми - практикалық конференциясын өткізу қажеттілігі туралы тақырыптар көтерілді.
Күн тәртібіндегі маңызды мәселелер - ШҚО ҚХА ҒСТ-ның 2021 жылға арналған жұмыс жоспарлары, ғылыми-сараптама тобының қызметі туралы талқыланды, сондай-ақ ШҚО ҚХА ҒСТ-ның 2020 жылы атқарған жұмысының қорытындылары қаралды.
Біздің елімізде үштілділік мәселесі бойынша тіл саясатын дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Осыған байланысты Достық үйі жыл бойы тұрақты түрде 3 тілде жастар пікірсайыстарын өткізеді, олар: қазақ, орыс және ағылшын тілдері. Жас ұрпақтың қоршаған әлемге бей-жәй қарамай креативті идеяларды қалыптастыру қабілеттерін дағдылау мақсатында Достық Үйі - Қоғамдық келісім орталығында ШҚО қаласы мен аудандарының жастарына арналған толеранттылық мектебі тұрақты түрде өткізілуде.
Сондай-ақ, Гүлнар Жаңабаеваға Жеңіс Күнін мерекелеу аясында ШҚО ҚХА еріктілерімен бірлесіп, соғыс ардагерлері тарих кейіпкерлері ретінде өнер көрсететін жобаны іске қосу ұсынылды.
Қорытындылай келе, Қазақстан халқы Ассамблеясының 2021 жылға арналған тұжырымдамаларының жаңа міндеттері мен бағыттары айтылды: 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту; газеттерде, БАҚ-та ШҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының жұмысын хабарлау; Достық үйінің сайтында ҒСТ туралы ақпаратты жаңарту болды.