22-04-2019
Ағымдағы жылдың 22–ші сәуірі күні ШҚО ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар штабының белсенділері және ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының «Айбын» әскери патриоттық клубының мүшелері "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Өскемен қаласындағы әскери-техникалық мектебінде болды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVII сессиясына орай Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы мен әскери-техникалық мектептің бірлесе ұйымдастырған шарасы барысында «Жаңғыру жолы» жастар штабының және «Айбын» әскери патриоттық клубының мүшелері ондағы келісімшартпен әскери борышын өтеп жатқан азаматтардың бір күндік өмірлері мен танысуға мүмкіндік алды.
Сонымен қатар шараға қатысушылар өзіндік тарихы бар әскери мектептегі шағын мұражай мен өзгеде спорттық жаттығу залдарына экскурсия жасады.
Мұнда түскендерге келісімшартпен әскери қызметін жалғастыруға болады немесе басқа күш құрылымдарында, ішкі істер органдарында, қысқасы, барлық мемлекеттік қызметтерде жұмыс істей алады” дейді әскери-техникалық мектептің қызыметкері Алтай Қаңтарбаев. Әскери борышын өтеп жатқан азаматтар бір ай бойы казармада тұрып, қарудан оқ атуды, басқа да оқу-жаттығулар жасауды үйренеді.«Жаңғыру жолы» жастар штабы мен «Айбын» әскери патриоттық клубының мүшелері калашников автоматын бұзу және жинаудан өздерінің қабілеттерін сынап көрді.