27-06-2022
2022 жылғы 24 маусымда «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында» ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы ұйымдастырған әлуметтік қорғау жұмысының қортындысы және осы бағыттаға жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша облыстық конференция өткізілді.
Кездесуде жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту, мүгедек адамдарды қолдау жүйесі жайлы тақырыптар қозғалды.
Дөңгелек үстел алдында әр ауданнан келген халық шеберлері қолөнер бұйымдарын ұсынған көрме өткізілді. Дәстүрлі көрме-жәрмеңкеде әшекей-бұйымдар, қолөнер және дәмді тағамдар болды. Көркем өнер мен қолөнер туындыларының алуан түрлері келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Мұнда тамаша әрі ғажайып сыйлықтар, авторлық үлгідегі әсем заттар мен қолөнер туындыларын сатылды.