Бабалар мұрасы дәріптелді

12-10-2018

Бабалар мұрасы дәріптелді

Ағымдағы жылдың 11 қазаны күні Достық үйі -  қоғамдық келісім орталығында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» ұлттық сананың жаңғыруы  бағдарламасы негізінде, облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының бастамасымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» - атты жобасы аясында «Бабалар мұрасы» қазақ ауыз әдебиетінің облыстық фестивалі өтті. Фестиваль барысында көнеден келе жатқан қазақ халқының халық әндері, биі, күйі орындалса, аңыз дастандардың желісімен шағын саханалық қойылымдар көрсетілді. «Бабалар мұрасы» қазақ ауыз әдебиетінің облыстық фестивалін өткізгенге дейін облысымыздың аудандарына түрлі экспедицялар ұйымдастырылып қазақ фольклорын жаңғыртып, ұмыт болған ән-күйлеріміз бен жырларымызды, аңыз-әпсаналарымыз бен дастандарымызды бүгін сіздермен қауыштырмақ –деді Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының директоры Эльдар Төлеубекұлы.

Жалпы жоба мақсаты - Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының рухани мәдениетінің мұрасы ретінде фольклорды, ұлттық мерекелерді жаңғырту және салт-дәстүрлерді, рәсімдерді сақтау  халыққа насихаттау болып табылады.

Фестиваль соңында барлық қатысушыларға ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан алғыс хаттар табыстады.