«Болашақ Заңгер» байқауы

28-02-2018

«Болашақ Заңгер» байқауы

2018 жылдың 28 ақпанында Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Достық үйі медиация орталығы мен Қазақстан-Американдық еркін университетінің ұйымдастыруымен, КАСУ университетінің «Құқықтану» және «Юриспруденция» мамандығының II-III курс білім алушылары арасында «Болашақ Заңгер» атты конкурс өтті.

Шара барысында білім алушылардың шығармашылық танымдық қабілетін дамыту, өз мамандығы бойынша дарынды білім алушыларға қолдау жасау, жастар арасында ғылыми білімнің дәрежесін көтеру мақсатында Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының медиация кабинетінде дәріс сабағы өтті. Сонымен қатар студенттер Достық үйіндегі виртуалды медиация кабинетімен танысып, этномәдени бірлестіктерінің кабинеттерін аралап, ШҚО ҚХА мұражайындағы құнды жәдігерлерді тамашалады.

Байқауда төрелік еткен Өскемен қаласының мамандандырылған сотының судьясы Кузбосынова А.Р., «ШҚО ТжКББ және КД орталығы КММ аға әдіскері Кауменова Н.О., Өскемен қаласы Қылмыстық атқару жүйесінің Әділет депортаментінің Пробация қызметі бөлімінің орынбасары Ботаев С.К., ШҚО бойынша студенттер арасындағы дебат сайысының төрешісі Макаримов Б.М. және медиация бойынша үйлестіруші Пленкина А.А. қазылар алқасының шешімімен байқау жеңімпазы Хайбуллина Дина атанды. Сонымен қатар қатысқан студенттерге сертификаттар табысталды.