23-02-2018
Ағымдағы жылдың 23 ақпаны күні облыс әкімі Даниял Кенжетайұлының халық алдында есептік кездесуі өтті. Есептік кездесуге обылсымыздың аудан қалаларының атқамінерлері мен Өскемен қаласының тұрғындары және этномәдени бірлестік жетекшілерімен белсенділері қатысты. Сонымен қатар аймақ басшысының баяндамасын онлайн тәртібінде барлық аудандар мен қалалардың тұрғындары көруге мүмкіндік алды. Есептік кездесу барысында өңір басшысы 2017 жылы атқарылған жұмыстарды қортындылап, биыл межеге алынған міндеттер легімен бөлісті. Шығысқазақстандықтар тарапынан түскен барлық сұрақтарға егжей тегжейлі жауап берді.