20-04-2019
Cәуірдің 20-сы күні Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Қазақстан халық Ассамблеясының кезекті XXVII сессиясына орай «Өмір энергиясы» жастардың этнофорумы аясында ІІ – облыстық Қазақстан халқының билері фестивалі өтті. Фестивалге «Вайнах» хореографиялық ансамблі, «Арарат» хореографиялық тобы, «Еркетай» хореографиялық ансамблі, Шоу-балет «Экстези», «Арабеск» балалармен жасөспірімдер ансамблі. «Кешет» балалар хореографиялық студиясы, «Жалында» хореографиялық ұжымы, «Ақтолқын» хореографиялық ансамблі, «Экспрессия» хореографиялық ансамблі, «Непоседы» үлгілі балалар ансамблдері қатысты. Фестиваль қатысушыларын Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығының директоры Төлеубеков Эльдар Төлеубекұлы құттықтап сәттілік тіледі.
Шара барысында қазақ, татар, шешен, орыс, армиян халықтарының билерімен қатар заманауи билерде биленді. Залға жиналған көрермен бишілердің биіне қол соғып қошеметтерін білдіріп отырды.
Облыстық Қазақстан халқының билері фестивалі екінші жылы ұйымдастырылып отыр, алғаш рет өткен жылы ұйымдастырылған болатын. Биылғы жылы фестиваль қатысушылары жоғары дайындықпен келгендігі көрініп тұрды дейді шара ұйымдастырушылары. Фестиваль соғында барлық қатысушыларған арнайы дипломдар табысталды.